Астаналық құтқарушылар құдыққа құлап кеткен мектеп оқушысымен кездесті

03.02.2017
Астаналық құтқарушылар құдыққа құлап кеткен мектеп оқушысымен кездесті

Астаналық төтенше жағдайлар қызметкерлері осыдан апта бұрын ашық тұрған құдыққа құлап кеткен мектеп оқушысымен кездесті. Сергей Лупанов құтқарушыларды өзі шақырған. Абырой болғанда, еш жері жарақаттанбаған. «Егер Сергей бірден шешім қабылдамағанда құдықтың ішінде үсіп қалуы мүмкін еді. Ал, біз оны тек кешке таман іздеуге шығар едік»,- дейді анасы. Құтқарушылар да бұл оқиға барлық балаларға үлгі боларлық жағдай екенін айтты.

Оңғар АЛПЫСБАЙ

Хабарламаларға жазылу