Атырау қаласында мейрамхана, дәмхана және ойын-сауық орындары санитарлық талаптарға бағынбай, жиын той өткізуді доғармай отыр. Тіпті, кейбір нысандар мониторнигтік топтардың бақылауына ілігіп, бірнеше мәрте айыппұл төлеген. Мәселен, қаладағы «Лифт» дәмханасының иесі 13 рет жауапкершілікке тартылған. Өңір коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта, сондықтан бақылау шаралары бұрынғыдан да күшейеді.