Солтүстікте -38 градусқа дейін аяз болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікте -38 градусқа дейін аяз болады

23.12.2020

Қыс қаһарына мінді. Ертеңнен бастап екі-үш тәулік бойы еліміздің Солтүстік өңірлерінде күн күрт суытып, түнгі уақытта ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді. Сондықтан «Қазгидромет» орталығының мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпай, балаларды далада ойнатқан кезде жылы киіндіріп, барынша сақтану керек деп отыр.

Гүлайым Дәулетхан, инженер-синоптик:
Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон жырасы Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон ауысады, ол 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасының түнгі уақытта 30-38 аязға дейін күрт төмендеуіне әкеледі.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу