Солтүстікте сабақ онлайн форматқа ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікте сабақ онлайн форматқа ауыстырылды

29.12.2021

Солтүстікке саршұнақ аяз жетті.

Бүгін Теріскейдің 4 ауданында сабақ онлайн форматқа ауыстырылды. Тимирязев, Есіл, Аққайың және Шал ақында термометр көрсеткіші -26 градусқа дейін төмендеді. Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонының әсерінен ертең де осындай ауа райы сақталады. Батыс Қазақстанда да мектеп оқушылары қашықтықтан білім алуда. Күндіз тұман түсіп, кешке көктайғақ болмақ. Оңтүстік өңірлерде де көктайғақ болуы мүмкін деген дауылды ескерту жарияланды.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу