«Қоршаса ойлар...» жыр жинағының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қоршаса ойлар...» жыр жинағының тұсаукесері өтті

21.12.2020

Тәуелсіздік мерекесіне орай тағы бір тарту. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың «Қоршаса ойлар...» жыр жинағы жарыққа шықты. Бақтықожа Салахатдинұлының есімі халқымызға мемлекет және қоғам қайраткері ретінде жақсы таныс. Ол елдің дамуы жолында аянбай еңбек етіп, жауапты лауазымдарда жұмыс істеді. Бұл - жазушының екінші жыр жинағы. Туындыға соңғы жылдары жазылған өмір мен көңіл иірімдерін қозғайтын өлеңдері енгізілген.    

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:  
-Қуанышты кездер де болады, қиын кезеңдерде болады. Сол кездердің барлығында осы өлең жолдары менің көңілімді жұбатып жүрді. Сол себепті, осы кітабым өмірге байланысты, адами қасиеттерге байланысты, тәрбиелік мәні бар.   

Раушан Сайлауқызы


жыр жинағы Бақтықожа Ізмұхамбетов

Хабарламаларға жазылу