Ақын Бауыржан Бабажанұлының жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Бауыржан Бабажанұлының жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті

30.10.2014
Ақын Бауыржан Бабажанұлының жаңа жыр жинағының тұсаукесері өтті

Ақтөбе облыстық филармониясында «Хан Тәңірі» баспасынан жарыққа шыққан  ақын Бауыржан Бабажанұлының «Ниетқабыл» деп аталатын жыр жинағының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Ақтөбе» газеті.

Жинақ ҚР Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2000 данамен жарық көрген.  

Шараға  қоғам қайраткері, философ Амангелді Айталы, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Мұхтар Миров, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Маржан Қорғанбаева қатысып, игі тілектерін жеткізді.

Салтанатты шараны  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаев жүргізіп, бүгінгі поэзия кешінің құдіретті өлең мен мәртебелі оқырман арасындағы кездесу екенін атап өтті.

 

 

Хабарламаларға жазылу