«Айтуға оңай...». 130 жылдық тарихы бар «Қазақ тұлпары» жылқы зауыты спорттық ойындардан 369 жүлделі орынға ие (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». 130 жылдық тарихы бар «Қазақ тұлпары» жылқы зауыты спорттық ойындардан 369 жүлделі орынға ие (ВИДЕО)

12.07.2017

Қостанайдағы «Қазақ тұлпары» жылқы зауытының 130 жылдық тарихы бар. Ол 1888 жылы Ресей патшасының Жарлығымен құрылған. Мұндағы жылқылар әубаста Кеңес әскерлері үшін қатаң тәртіппен іріктелген. Зауыт архивінде 300-ге жуық жылқының ата-тегі көрсетілген.

Зауыт 2000 жылы тікелей мемлекет қамқорлығына алынды. Атқоралары да бүгінгі күннің талабына сай жаңартылған. Зауыттағы жылқыларды үш бағытта баптайды. Асыл тұқымды жылқылар үйірмен жайылады. Ал, міністік ат қара жұмысқа, суыққа төзімді келеді. Сондықтан одарды қорада ұстайды.

Соңғы 10-15 жыл аралығында «Қазақ тұлпары» командасы республика бойынша спорттық ойындардан 369 жүлделі орынға ие болды. «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге», «Аламан бәйге» секілді бәсекелерден зауыт басшылары жеңісті ешкімге бермеген.

 

Хабарламаларға жазылу