COVID-19: Маңғыстауда бір айда науқастар саны 5 есе өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Маңғыстауда бір айда науқастар саны 5 есе өсті

29.07.2021

Маңғыстау облысында той-садақа түгел тоқтатылады.Өйткені эпидахуал нашарлап кеткен. Соңғы 2 күнде 24 адам қайтыс болған. Шілде айының басында 200-дей адам ауырған болса, қазір олардың саны 5 есе өсті. Бұл туралы індеттің таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штабтың отырысында айтылды.

Провизорлық стационарлардағы науқастар саны мыңға жуықтаған. 87 адам реанимация бөлімінде жатса, 22-сінің жағдайы - өте ауыр. Ал, өңір вакцина алғандар саны бойынша ең соңғы орында. 736 мыңнан астам адамның 27 пайызы ғана егілген. Маңғыстаулық зиялы қауым өкілі, білім беру және экология салаларының үздігі Орынбасар Тоқжановтың пікірінше, жаппай вакцинациялау ғана індетті ауыздықтауға көмектеседі.

Орынбасар Тоқжанов, Ақтау қаласының тұрғыны:
Ұлтты құтқаратын жаппай екпе жұмыстары. Оған нақты дәлелім бар. 1956-жылы мен 8 жастамын, Сам өлкесінде 100 деген бала қызылшаның ауыр түрінен қырылды. Бір үйде 4 бала,3 бала өлген жағдайлар болды, тұқымсыз қалды. Сол кезде дәрігерлер келді, жаппай вакцина салды. Өлім сап тыйылды. 



Хабарламаларға жазылу