Қарағанды фармацевтика кешені Ресейдің «Спутник V» вакцинасын өндіруге кірісті

21.12.2020
Қарағанды фармацевтика кешені Ресейдің «Спутник V» вакцинасын өндіруге кірісті

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина шығады. 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып,Ресейдің «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.  Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлап отыр. 

«Қазақстанда өндірілген “Спутник V”-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады»,- деп хабарлайды Асқар Маминнің сөзін келтірген сайт.


Хабарламаларға жазылу