Павлодар облысында үздік мұғалімдерге 2,7 млн теңге көлемінде біржолғы сыйақы берілді

20.12.2020

Павлодар облысында үздік мұғалімдерге 1000 айлық есептік көрсеткіш - 2,7 млн теңге көлемінде біржолғы сыйақы мен «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі бекітілген болатын. Ұстаздар мерекесінде және Тәуелсіздік күніне орай жиыны 35 мұғалімге табысталды.     

Мемлекеттің дамуына тұсау болып отырған дерттердің бірі – коррупцияны ендігі ұрпақ жеңетін шығар деп үміттенеміз. Ал оларға білім мен тәлім беретін мұғалімдердің мықты тұлға болғаны аса маңызды. Еңбегінің толымды бағаланғаны да. Сондықтан бұл құптарлық және іліп әкететін бастама екен. Болат Аманбаевтың материалы.


Хабарламаларға жазылу