Шығыс Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлаған тұрғынға 4 миллион теңге сыйақы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлаған тұрғынға 4 миллион теңге сыйақы берілді

21.12.2021

Шығыс Қазақстан облысында пара алмақ болғандар жайлы ақпарат берген адам 4 миллион теңге көлемінде сыйақы алды. Сыйақы өңірде жемқорлық дерегі туралы хабарлаған 6 адамға берілген. Табысталған қаржының көлемі әр түрлі. Заңға сәйкес сыйақы сомасы параның 10 пайызын құрайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары қылмысты ашуға қажет ақпарат бергендер, ең көбі 11 миллион теңгеге дейін алуы мүмкін, -дейді.


Жігер Байділдин, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:

4 миллион теңге жемқорлық фактісі жайлы хабарлаған тұрғынға берілді. Бұл биылғы жылы табысталған ең қомақты сыйақы. Осы сынды ақпарат айтқандарға заңға сәйкес 4000 АЕК дейін сыйақы төленеді.

Хабарламаларға жазылу