Ерлан Қарин: Қазақстан билігі үлкен дағдарыс жағдайына қарамастан реформаларды жалғастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Қазақстан билігі үлкен дағдарыс жағдайына қарамастан реформаларды жалғастырды

20.12.2020

Апта басында мемлекеттік марапаттарды тапсыру кезінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бірқатар мәселеге тоқталды. Мысалы, халықаралық аренада саяси өзімшілдік пен экономикалық ұлтшылдық күшейетінін.  

Бейсенбіде Ресей президентінің баспасөз мәслихатынан олардың Батыс әлемімен текетіресі тереңдей беретінін ұқтық. BBC тілшісіне «Сіздерге қарағанда әппақ, әрі жұмсақпыз» дегеніне ащы күлгенмен, біз мемлекеттілікті сақтау деген басты сауалға бас қатыруымыз керек. Мемлекеттің технологиялық дамуы қандай – болашағы да солай болмақ. Қысқа жауабы осы. 

Келесі жылғы отыз жылдықты да даңғаза, даурықпа акцияларсыз өткізу міндеті тұр. Қ.Тоқаев сөйтуге шақырып, алдағы жылдың басында жаңа реформалар топтамасы жарияланатынын айтты. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған демократиялық түрленуге тың серпін береді, дейді. Альбина Әшімнің материалы.


Хабарламаларға жазылу