Мәжіліс депутаттары өңірге барғанда тұрғындардан 2 мыңға жуық сұрақ түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары өңірге барғанда тұрғындардан 2 мыңға жуық сұрақ түскен

06.04.2022

Мәжіліс депутаттары өңірге барғанда тұрғындардан 2 мыңға жуық сұрақ түскен. Сауалдардың негізгі тақырыбы Үкіметке түскен өтініштермен ұқсас. Қоғам тарапынан көтерілген мәселелерді тиімді және уақытылы шешу үшін министрлер де аймақтарды аралайды. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Жиында халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу үшін қандай шаралар қабылданатыны талқыланды. Пандемия мен жаһандық экономикалық дағдарыс халық кірісінің төмендеуіне әсер етті. Осы тұста Парламент Мәжілісі мен Үкіметтің жаңа сипатта және тығыз байланыста қызмет етуі маңызды. Депутаттарға түсетін сұрақтардың басым бөлігі табысты арттыруға, кедейлік деңгейін төмендетуге қатысты. Мәжіліс төрағасы бұл проблемалар нақты әрі жүйелі түрде шешілуі тиіс деді. Өйткені, әрбір мәселенің артында адамдардың тағдыры мен тұрмыс-тіршілігі тұр.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 
Үлкен өзгерістер алдында тұрмыз. Президент ірі саяси реформаларды жариялады. Қазір сол саяси реформалар қарқынды іске асып жатыр. Енді біз Парламент, Үкімет мүшелері, жергілікті билік – бәріміз бір кісідей жұмылып, қазіргі қоғамда қордаланып қалған мәселелерді жедел түрде шешуіміз керек. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу