Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры 5 жылға сотталды

20.12.2020

Бүгін Қорғаныс министрлігінің кадрлар мен әскери білім департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Қайрат Көпбаевтың пара алғаны үшін 5 жылға сотталғанын коррупцияға қарсы қызмет хабарлады.   

Оның былтыр Ақтөбедегі әуе қорғаныс күштері әскери институтына досының немере бауырын 200 мың теңгеге офицер етіп орналастырғаны анықталды, дейді жемқорлықпен күрес қызметіндегілер. Судья Президенттен Көпбаевты генерал-майор атағы мен «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс тастайды.

Жайна Сламбек 


Қорғаныс министрлігі генерал-майор Қайрат Көпбаев

Хабарламаларға жазылу