Атыраудағы атыс: Сағызда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы атыс: Сағызда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

01.11.2021

Атырау облысындағы Сағыз елді мекенінің маңында атыс болып, 36 жастағы тұрғын қаза тапты. Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір үшеуінің жағдайы ауыр. Олардың басы соғылып, миы шайқалған.

Алдын ала болжам бойынша, ауыл тұрғындары өзара жанжалдасып, кейін қару кезенген. Қазір Сағызда полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Облыстан арнайы жедел-тергеу тобы барды. «Адам өлтіру»  фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Хабарламаларға жазылу