Ералы Тоғжанов Алматыдағы туристік нысандарды аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ералы Тоғжанов Алматыдағы туристік нысандарды аралады

10.12.2020

Алматыда жұмыс сапарымен жүрген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірқатар туристік нысандарды аралады. Мақсат Президенттің шаћардағы туризмді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қадағалау. Вице-премьер «Медеу» базалық станциясындағы және «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының ең жоғары нүктесіндегі визит-орталықтар, сондай-ақ болашақ «Tenir Eco Hotel» глэмпингтік аймағының құрылыс алаңының жұмысымен танысты.

Үш жоба бойынша тартылған жеке инвестициялардың жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгені құрайды. Нысандарды аралап шыққан Ералы Тоғжанов туризм мегаполистің экономикалық дамуының драйвері болуға лайықты екенін атап өтті. Әсіресе, коронавирустық пандемия жағдайында қала тұрғындары мен қонақтары ағзаның иммундық жүйесінің профилактикасы мен нығайтуы үшін тауда серуендеуіне жағдайлар жасалуы қажет екенін айтты.  


Хабарламаларға жазылу