Шымкентте қалың тұманнан 2 әуе рейсі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қалың тұманнан 2 әуе рейсі кейінге шегерілді

08.12.2020

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шымкент әуежайынан бүгін таңертеңгілік ұшуы тиіс болған екі ұшақтың рейсі кейінге шегерілді. 

Ұшақтар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына жолаушы жеткізуі тиіс болған. Рейстер уақытының өзгеруіне қалың тұман себеп болды. Жалпы осындай ауа райының салдарынан соңғы екі күннен бері 13 ұшақ белгіленген кесте бойынша Шымкенттен әуеге көтеріле алмады. Салдарынан мыңнан астам жолаушы әуежайда түнеуге мәжбүр болды. Тек кеше кешкісін ғана әуе компаниялары қосымша үлкен әуе кемелерін рейске қосып, жолаушылардың барлығын діттеген жеріне жеткізіп салды. Әуежай басшылығы жолаушылардың терминалда тәулік бойы ұшақ күтіп отыруына күн райынан бөлек әуе компанияларының бұл туралы дер кезінде хабар бермеуі де себеп болғанын айтады.

Мәди Уәлиханов, Шымкент әуежайының баспасөз хатшысы:
Әуежай тарапынан бізбен жұмыс істейтін әуе компанияларына тиісті хаттар жолданатын болады. Яғни, уақтылы хабарланады. 

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу