Аятолла Хаменейдің денсаулығы нашарлады деген қауесет тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аятолла Хаменейдің денсаулығы нашарлады деген қауесет тарады

08.12.2020

Иран үкіметі елдің рухани жетекшісі Хаменейдің денсаулығы нашарлады деген қауесетті жоққа шығарды. 81 жастағы аятолланың науқастанғанын араб журналистерінің бірі хабарлады. Тілшінің дерегінше, Хаменей өз міндеттерін ұлына тапсырған. Дегенмен, ресми деректерге қарағанда, «оның жағдайы жақсы». 

Барлық мемлекеттік мәселелер бойынша соңғы сөзді айтатын Хаменей ең жоғары басшы қызметін 1989 жылдан бері атқарып келеді. Оның ауырғаны туралы ақпарат бұған дейін де бірнеше рет тарады.

Арыстан Рысбек

Иран

Хабарламаларға жазылу