Токио Олимпиадасы кейінге шегерілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токио Олимпиадасы кейінге шегерілмейді

13.02.2020

Жапония Жазғы Олимпиаданы коронавирусқа байланысты доғару мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Мұны бүгін ойындарды ұйымдастыру мекемесінің президенті Йоширо Мори Халықаралық Олимпиада Комитетінің өкілдерімен Токиода өткен кездесуде мәлімдеді. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Олимпиаданың вирус кесірінен өтпейтіні туралы қауесет тарады. Моридің айтуынша, Қытайдан жеткен инфекциямен күрес үшін жұмыс тобы құрылып отыр. Айта кетсек, Жапонияда бұл вирусты жұқтырғандар саны 200-ден асып кетті.

Кесте бойынша, Токио Олимпиадасы биыл шілденің 24-де ашылып, тамыздың 9-да жабылуы керек.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу