БЖЗҚ-дан ақша алудың ережесі жарияланды

07.12.2020

Зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін баспанаға деп алудың тәртібі жарияланды. Қартайған шағыма деп жиналған ақшаның біразын пәтер алуға, алғашқы жарна мен ипотекалық несиені төлеуге, жер алып,үй салу үшін алуға болады.  

Бүгін соның ережесін жариялаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ол үшін өтінішті eGov порталынан онлайн беру керек дейді. Ал оны қарау мерзімі 5 күнге дейін созылады. Егер қордағы ақшаны мерзімінен бұрын алу талаптарына сай келсеңіз, қаржы алдымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне, кейін сіздің шотыңызға аударылады. Өйткені құрылыс жинақ банкі қаржының мақсатты пайдалануын қадағалайтын бірыңғай оператор. Құжат 22 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған. Жаңа жылдан бастап күшіне енеді.

Досжан Маратұлы  


БЖЗҚ ақша

Хабарламаларға жазылу