Әлеуметтік желіде дәрігерлер «бизнесіне» қатысты видео жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желіде дәрігерлер «бизнесіне» қатысты видео жарияланды

26.01.2017
«Ауруханаға жай ғана қараламын деп барып, түрлі ауру табасың». Ел арасында осындай сарындағы әңгіме көп айтылатыны рас. Мұны жалқаулықты жасыру немесе салғырттықтың сылтауы деп бағамдайды басқасы. Ал, негізінде «халық айтса, қалт айтпайды» емес пе?!

Мәселен, кеше ғана әлеуметтік желілерде дәрігерлерге қатысты видео жарияланды. Жарияланысымен, желі лап ете қалды. Себебі, материалда басқа емес, бас дәрігердің жаға ұстатар сөздері бар. Онда ол қарамағындағыларға науқастарды қалай алдап, ақымақ қылып, ақша қағып алудың амалдарын үйретеді.

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу