Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тәуелді банктер тізімі жарияланды

20.01.2016
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тәуелді банктер тізімі жарияланды
Жалпы, Қазақстандағы 35 банктің 17-сі БЖЗҚ есебінен қаржыландырылған.

Еліміздегі ең ірі қаржылық ұйымдар қор есебінен ақша алып, айналымға түсіріп отырғаны белгілі. 1-қаңтарға дейін «Қазкоммерцбанк» зейнетақы қорынан 420 миллиард, Халық банкі 352 миллиард және «Каспий банкі» 260 миллиард теңге алған.

Төртінші орында – «Еуразиялық банк». Одан кейін АТФ орналасыпты. Жалпы, Қазақстандағы 35 банктің 17-сі БЖЗҚ есебінен қаржыландырылған.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу