COVID-19: CҚО-да тағы 4 ауыл карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Явленка ауылы екінші рет карантинге жабылды. Есіл ауданының орталығы саналатын елді мекенде осыған дейін қазан айында шектеу шаралары күшейтілген еді. Мамандардың айтуынша, соңғы 2 аптада науқастар саны 1,5 еседен артып кеткен, яғни, 250-ден 406-ға жетті. Оның жетеуі нөмірі бірінші орта мектептің оқушылары мен қызметкерлері. Қазір бұл елді мекендерге қатынауға шектеу қойылды, тек қажетті жеткізетін көліктер ғана кіріп-шығады. Өңірде Явленкадан басқа тағы 3 елді мекен карантинге жабылды.
Айнаш Сағындықова, облыстық СЭБД бас маманы:Солтүстік Қазақстан облысында тағы да 4 елді мекен карантинге жабылды. Атап айтар болсақ, Есіл ауданының Явленка селосы және Ясновка ауылы, Мағжайн Жұмабаев ауданының Таманское және Успенское ауылы. Осы барлық қабылданып жатқан шаралар облысымызды «қызыл аймақтан» шығару мақсатында жүргізіліп жатыр.
Сағындық Сәбитұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: 19 наурыз – Жаңару күні
19.03.2026, 11:07
Қоқысты сұрыптау– қоршаған ортаға деген құрмет
19.03.2026, 10:07
«Таза Қазақстан»: Үздік экомектептер анықталды
19.03.2026, 10:06
Сарапшы: Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары негізгі басымдық ретінде бекітілген
19.03.2026, 10:05
Жамбылдық әжелер балабақша бүлдіршіндеріне ертегі оқып жүр
19.03.2026, 10:04
Иран көрші елдерге соққы берді
19.03.2026, 10:03
Талдықорғанда 40-тан астам отбасы баспаналы болды
19.03.2026, 10:02
Reuters: Трамп Таяу Шығысқа жаяу әскер жіберу мәселесін қарастырып жатыр
19.03.2026, 10:02