Мамандар Алматы экологиясын жақсарту жолдарын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар Алматы экологиясын жақсарту жолдарын талқылады

04.12.2020

Алматы бірнеше жылдан бері ауасы лас қалалардың тізімінде тұр. Мегополистің экологиялық проблемаларын кешенді шешу үшін Жол картасы әзірленген. Бүгін аталған жобаны іске асырудың тетіктері талқыланды. Шаһар ауасының ластану себептеріне талдау жасаған мамандардың сөзінше, былтыр атмосфераға 114 мың лас қалдық бөлінген. Оның 34 пайызы жылу көздерінен, 52 пайызы көліктерден шыққан. Жол картасы арқылы түйіткілдерді шешіп, Алматыны орташа ластану деңгейіне жеткізу көзделіп отыр. 

Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі комитет төрағасы:
Бас жоспарға өзгерістер енгізу керек. Тапсырма бар. Ағаш отырғызу. Қазіргі саны 2,2 млн болса. Биыл 1 млн егуіміз керек. 3 млн-нің үстінде болу керек. Осындай бағыттар бар.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу