22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады

04.12.2020

22 желтоқсаннан бастап елімізде ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады. Келесі жылдан тұрғындарды ерікті түрде егу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Премьер-Министр мәлімдеді. 

Алғашқы кезеңде вакцина дәрігерлер, педагогтар мен күштік құрылым өкілдеріне егілді. Клиникалық сынақтың екі фазасынан өткен отандық вакцина 25 желтоқсаннан бастап сынақтың 3-ші кезеңіне өтіп, 3 мың еріктіге егіледі. Жыл соңына дейін 2 миллион доза көлеміндегі вакцинаның алғашқы партиясы шығарылады. 

Президент Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдірді. Дәрінің тиімділігіне баса мән беруді,тұрғындарға қол жетімді болуын бақылауды тапсырды.  

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу