Президент Асқар Маминді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Асқар Маминді қабылдады

04.12.2020

22 желтоқсанынан бастап елімізде ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру қолға алынады. Келесі жылы тұрғындарды ерікті түрде егу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың Премьер-Министрді қабылдауы барысында айтылды. Клиникалық сынақтардың екі фазасынан өткен отандық вакцина 25 желтоқсаннан бастап 3-ші кезеңге өтіп, 3 мың еріктіге егіледі. Жыл соңына дейін 2 миллион доза вакцинаның алғашқы партиясы шығарылады. Президент Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдірді.  

Сондай-ақ Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Ол 2021 жылы өтетін Президенттік кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берді. Іріктеуден 50 адам өтеді. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары күшейтілген. Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі. 

Ләйлә Дулатқызы


Президент Асқар Мамин

Хабарламаларға жазылу