Алматы «сары аймақтан» шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы «сары аймақтан» шықты

04.12.2020

Алматы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша «жасыл аймаққа» оралды. Шаһар 28 қарашадан бері «сары аймақта» болатын. Өткен айда ауру жұқтыру өсімі 3,8 есе артып, эпидахуал күрделене түскен еді. Тұрғындар негізінен көпшілік жүретін аймақтарда, қоғамдық көліктер мен жұмыс орындарында вирус жұқтырған. Басым бөлігі 20 мен 39 аралығындағы азаматтар екені анықталды. Уақытылы қабылданған шектеу шаралары мен қадағалау жұмыстарының нәтижесінде вирус жұқтырғандар қатары ептеп азайған.

Нұрхан Нұрланұлы

Алматы коронавирус

Хабарламаларға жазылу