Маңғыстауда 200-ге жуық жұмысшы үш айдан бері жалақы алмаған
Маңғыстауда логистикалық мекеменің 200-ге жуық жұмысшысы үш айдан бері жалақы алмаған. Басты себеп - тапсырыс беруші «Емір ойл» компаниясы көрсетілген қызмет үшін тиісті қаражатты төлемеген. Олардың қарызы 350 млн теңгеге жуықтады дейді тығырыққа тірелген серіктестік басшысы. Логистикалық тасымалмен және арнайы техниканы жалға берумен айналысатын мекеме 3 жылдан бері «Емір ойлдың» мұнайын тасып келеді. Арнайы техникасын да жалға берген. Алайда, осы қызмет үшін жыл басынан бері ақы төлемеген.
Мұхит Мұхамедқалиев, жұмысшы:-Қыркүйек айынан бері айлық алған жоқпыз. Кредитіміз бар, одан басқа 2 студент балам бар.
Ивайло Тодоров, «MKS Logistics» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры:-Біз «Емір ойл» компаниясы жұмыстарының бәрін толық орындатып, тиісті ақымызды төлемеді. Қазір түрлі сылтаулар айтып, мүлдем басқа компанияны жалдай бастады. Мәселені тездетіп шешпесе болмайды. Осының салдарынан біз техникаларымызды сатуға шығардық. Жұмысшылардың өзіне ғана 20 млн теңге қарызымыз бар.
Осы мәселеге қатысты «Емір ойл» компаниясының басшылығы сұхбат беруден бас тартты.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14