АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамымен 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарына, Қазақстан Республикасы маслихаттары депутаттарына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» (бұдан әрі - РТРК), «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының, «Saryarqa», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Kókshe», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyray», «Mańǵystaý» аймақтық телеарналарында «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоарналарының, (бұдан әрі - Теле-, радиоарналар) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Теле-, радиоарналарда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.
Теле-, радиоарналар РТРК мен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Қазақстан Республикасы маслихаттары депутаттығына кандидаттарының тізімін ұсынған және тіркелген саяси партиялар (бұдан әрі - Саяси партия) арасында немесе Саяси партияның уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде және Теле-, радиоарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Теле-, радиоарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Теле-, радиоарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.
Теле-, радиоарналарында эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:
1) қазақ тілінде хронометражы 10 (он) секундтан кем емес және 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудио және бейнероликтер;
2) арнайы репортаждар;
3) өзге де Үгіт материалдары.
Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің РТРК басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады. Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Саяси партияның не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, кейіннен олар шарт талаптарымен бекітіледі.
Өтініш Саяси партияларының өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:
1) партиялық тізімнің ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) Саяси партияның уәкілетті өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі.
Теле-, радиоарналар эфирінде Саяси партияларының Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын РТРК белгілейді.
Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Саяси партияға берілген болса, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, РТРК Теле-, радиоарналардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Саяси партияға үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.
Үгіт материалдары Теле-, радиоарналарда эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.
Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:
Үгіттік аудиовизуалдық материалдар (бейнероликтер) DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр, HD стандартындағы кадр өлшешімімен, өрістету түрі interlaced, өрістерді құру жолы: үстіңгі бірінші өріс (top field first) кадрдың қатынасы16:9, біріктірілген дыбыспен және көрсетілген тайм-кодпен ұсынылады. Аудиосүйемелдеу келесі объективті және субъективті техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс: серпінді диапазон кемінде 40дБ; жиіліктік диапазон кемінде 20Гц-20000Гц; студиялық жазбада бейсызықтық бұрмалау коэффиценті 1%-дан артық емес; сигналдың акустикалық ревербациясы («жаңғырық») болмауы тиіс; сөйлеудің 100% анықтығы болуы тиіс; жазбада бөтен дыбыстар, шулар, кедергілер естілмеуі тиіс; 1-2 дыбыс жолақтары үшін түйістірілген дыбыс (оң және сол дыбыс жолақтары қайталануы тиіс) қажет; 3-4 дыбыс жолақтары үшін ажыратылған дыбыс қажет.
Үгіттік аудиоматериалдар (аудиороликтер), WAV-форматында-дискреттеу жиілігі -48000 Гц, разрядтылығы – 24 бит, стерео, жазба деңгейі -9-дан -6 дб-ға дейінгі файлда ұсынылады.
Үгіт материалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.
Электрондық тасымалдағышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.
Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.
Үгіт материалдарын ұсынған Саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.
Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, РТРК оларды эфирге шығарудан бас тартады.
РТРК Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламенті депутатына, Қазақстан Республикасы маслихаттары депутатына басқа да Саяси партияларының арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын орналастыру құны және тілі
№ |
Теле-, радиоарна атауы |
Орналастыру тілі |
1 минуттың құны, теңгеде, соның ішінде ҚҚС |
1 |
«Qazaqstan» ҰТА |
Қазақ |
72 000 |
2 |
РТРК-ның аймақтық телеарнарлар |
Қазақ, орыс |
6 500 |
3 |
«Қазақ радиосы» |
Қазақ, орыс |
19 600 |
4 |
«Шалқар» радиосы |
Қазақ |
14 000 |
Телеарнада теледебаттарды өндіру және орналастыру құны және тілі :
1. «Qazaqstan» ҰТА, қазақ тілінде, ҚҚС қосқанда, бір минуттың құны 447 365 теңге
Орналастыру құны Теле-, радиоарналардың барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, жерсеріктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.
Жасалған шарт бойынша Теле-, радиоарналарда Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау РТРК ұсынған төлем шоты негізінде, шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
РТРК жазбаша өтініштерді 2020 жылғы 4 желтоқсаннан бастап, 2021 жылғы 6 қаңтарды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (жергілікті уақыт бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:00 дейін), төмендегі мекенжайлар бойынша қабылдайды:
- «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында, «Қазақ радиосы», «Шалқар» радиоарналарында орналастыру үшін Нұр-Сұлтан қ., Д. Қонаев көш., 4, 8 қабат, 8 702 195 17 17;
- «Kókshe» телеарнасында орналастыру үшін Көкшетау қ., Куйбышев көш., 19;
- «Qostanai» телеарнасында орналастыру үшін Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 126;
- «Qyzyljar» телеарнасында орналастыру үшін Петропавловск қ., Брусиловский көш., 1;
- «Ertis» телеарнасында орналастыру үшін Павлодар қ., Қ.Сұрағанов көш., 21;
- «Semei» телеарнасында орналастыру үшін Семей қ., Шұғаев көш., 157;
- «Altai» телеарнасында орналастыру үшін Өскемен қ., Стаханов көш., 70;
- «Saryarqa» телеарнасында орналастыру үшін «Қарағанды қ., Воинов Интернационалистов көш., 14;
- «Jambyl» телеарнасында орналастыру үшін Тараз қ., Сүлейменов көш., 6;
- «Ońtústik» телеарнасында орналастыру үшін Шымкент қ., Қазыбек би көш., 20 үй;
- «Qyzylorda» телеарнасында орналастыру үшін Қызылорда қ., Желтоқсан көш., 11;
- «Aqtobe» телеарнасында орналастыру үшін Ақтөбе қ., Т.Ахтанов көш., 54;
- «Aqjaiyq» телеарнасында орналастыру үшін Орал қ., Н.Сыдықов көш., 1А;
- «Atyraý» телеарнасында орналастыру үшін Атырау қ., Молдағалиев көш., 29;
- «Mańǵystaý» телеарнасында орналастыру үшін Ақтау қ., 24 ықшам ауданы.
Жазбаша өтініштер факсимильдік және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.
«Қазақстан» РТРК» АҚ
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
Общие условия предоставления акционерным обществом АО «РТРК «Казахстан» эфирного времени на теле-, радиоканалах для размещения предвыборных агитационных материалов кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, избираемых по партийным спискам, кандидатов в депутаты маслихатов Республики Казахстан, назначенных на 10 января 2021 года
Акционерное общество «Республиканская телерадиокорпорация «Казахстан» (далее-РТРК) – собственник национального телевизионного канала «Qazaqstan», региональных телеканалов РТРК «Saryarqa», «Qostanai», «Qyzyljar», «Ertis», «Semei», «Altai», «Kókshe», «Jambyl», «Ońtústik», «Qyzylorda», «Aqtobe», «Aqjaiyq», «Atyray», «Mańǵystaý» и радиоканалов «Казахское радио», «Шалкар» (далее – Теле-, радиоканалы), в соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан" информирует о размере оплаты, условиях и порядке предоставления эфирного времени на Теле-, радиоканалах для размещения материалов предвыборной агитации (далее - Агитационные материалы) .
Теле-, радиоканалы предоставляют эфирное время на основании письменного договора, заключаемого между РТРК и политическими партиями, выдвинувшими и зарегистрировавшими партийные списки кандидатов в депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан, в депутаты маслихатов Республики Казахстан (далее-Политические партии), или с уполномоченным представителем Политической партии, и в соответствии с утвержденными Теле-, радиоканалами монтажными листами. При этом, монтажные листы разрабатываются за 3 (три) календарных дня до предполагаемого выхода в эфир Агитационных материалов в соответствии с имеющимися у Теле-, радиоканалов техническими возможностями на дату подачи письменного обращения, т.е. наличие и/или отсутствие рекламы в предполагаемый временной интервал эфирного времени Теле-, радиоканалов.
Предоставление эфирного времени на Теле-, радиоканалах осуществляется путем размещения нижеследующих Агитационных материалов:
1) аудио и видеоролики, хронометражем не менее 10 (десяти) секунд и не более 60 (шестидесяти) секунд на казахском языке или русском языках;
2) спецрепортажей;
3) иных Агитационных материалов.
Основанием для заключения договора о предоставлении эфирного времени является письменное заявление Политической партии либо его уполномоченного представителя на имя руководителя РТРК.
Количество, хронометраж, предполагаемые дата и время размещения в эфире Агитационных материалов указываются в письменном заявлении Политической партии либо его уполномоченного представителя, которые затем закрепляются условиями договора.
Заявление регистрируется в журнале регистрации заявлений Политических партий, в порядке очередности, путем присвоения каждому письменному заявлению порядкового номера и даты поступления заявления.
К письменному заявлению должны быть приложены следующие документы:
1) копия документа, подтверждающего выдвижение партийного списка;
2) копия документа, подтверждающего полномочия уполномоченного представителя Политической партии;
3) копия удостоверения личности лица, подающего обращение.
Очередность размещения в эфире Теле-, радиоканалов Агитационных материалов Политических партий устанавливается в порядке поступления письменных заявлений либо по жребию в случае, если заявления поступили одновременно. Порядок проведения жребия определяются РТРК.
В случае, если к моменту поступления письменного заявления, запрашиваемое время предоставлено другой Политической партии, обратившейся раньше, либо по техническим возможностям не может быть предоставлено, РТРК предлагает Политической партии иное время для размещения агитационных материалов, с учетом технических возможностей теле-, радиоканалов РТРК.
Агитационные материалы должны быть представлены в РТРК не менее чем за 3 (три) календарных дня до предполагаемого выхода в эфир на Теле-, радиоканалах.
Агитационные аудиовизуальные материалы (видеоролики) предоставляются в кодированном формате DVCPRO HD или XDCAM HD 50 Мбит/сек, profile 4:2:2, 25 кадров в сек., с размером кадра стандарта HD, тип развертки interlaced, порядок построения полей – верхнее поле первое (top field first), соотношение кадра 16:9 со сведенным звуком и выставленным тайм-кодом. Видео и звук должны быть упакованы в контейнеры MOV или MXF. Аудиосопровождение должно соответствовать следующим объективным техническим и субъективным требованиям динамический диапазон, не менее 40 дБ, частотный диапазон, не менее 20Гц-20000Гц; коэффициент нелинейных искажений, не более 1% при студийной записи не должно быть акустической реверберации («Эхо») сигнала должна присутствовать 100% разборчивость речи; на записи не должны прослушиваться посторонние звуки, шумы, помехи; для 1-2 звуковой дорожки необходим сведенный звук (левая и правая звуковые дорожки должны быть продублированы), для 3-4 звуковой дорожки необходим разведенный звук.
Агитационные аудиоматериалы (аудиоролики) предоставляются в WAV-формате - частота дискретизации - 48000 Гц, разрядность - 24 бит, стерео, уровень записи от -9 до -6 дБ.
Агитационные материалы предоставляются на внешних носителях (жесткий диск, флеш карта).
Одновременно с электронным носителем предоставляется расшифровка текста, являющегося содержанием Агитационного материала, подписанного лицом, уполномоченным на подписание договора о предоставлении эфирного времени, письменные разрешения лиц, чьи изображения использованы в Агитационных материалах, а в случае их смерти - письменные разрешения наследников, в случае использования в рекламных материалах изображения несовершеннолетних детей - письменные разрешения от родителей, опекунов, попечителей.
Агитационные материалы должны содержать звуковую или визуальную информацию об их оплате, источниках финансирования.
Политические партии, предоставившие Агитационные материалы, персонально несут ответственность за соответствие их содержания требованиям законодательства Республики Казахстан, в том числе, в области авторских и смежных прав.
В случае нарушения условий и порядка, указанных в настоящем информационном сообщении, а также при нарушении условий соответствующего договора сообщение в эфир Агитационных материалов не производится либо приостанавливается до устранения нарушения.
РТРК отказывает в выпуске в эфир Агитационных материалов, если они содержат идеи насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности республики, подрыва безопасности государства, разжигания социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, культа жестокости и насилия, а также создание непредусмотренных законодательством военизированных формирований.
РТРК вправе отказать в выходе в эфир Агитационных материалов в случае наличия в них информации, способной нанести ущерб чести, достоинству или деловой репутации других Политических партий. Условия и порядок предоставления эфирного времени, указанные в настоящем информационном сообщении, могут корректироваться в соответствии с требованиями уполномоченных органов Республики Казахстан.
Стоимость и язык размещения Агитационных материалов на Теле-, радиоканалах
№ |
Наименование теле-, радиоканала |
Язык размещения |
Стоимость за 1 минуту с НДС, тенге |
1 |
НТК «Qazaqstan» |
Казахский |
72 000 |
2 |
Региональные телеканалы РТРК |
Казахский, русский |
6 500 |
3 |
«Казахское радио» |
Казахский, русский |
19 600 |
4 |
Радио «Шалкар» |
Казахский |
14 000 |
Стоимость и язык производства и размещения теледебатов на Телеканале :
1. НТК «Qazaqstan», казахский язык, стоимость за 1 минуту с НДС - 447 365 тенге.
Стоимость размещения включает в себя трансляцию и ретрансляцию Теле-, радиоканалов во всех доступных средах распространения вещания РТРК (эфирное аналоговое, эфирное цифровое, спутниковое, а также посредством кабельных операторов и онлайн вещания в сети Интернет).
Оплата по заключенному договору за распространение Агитационных материалов на Теле-, радиоканалах осуществляется на основании выставленного РТРК счета на оплату в течение 5 (пяти) рабочих дней с даты выставления счета.
Письменные заявления принимаются РТРК с 4 декабря 2020 года по 6 января 2021 года включительно, кроме выходных и праздничных дней с 10:00 до 18:00 часов (по местному времени), перерыв с 13:00 до 14:00 часов по следующим адресам:
- г. Нур-Султан, ул. Кунаева 4, 8 этаж, телефоны: 8 702 195 17 17 для размещения на Национальном телеканале «Qazaqstan», на радиоканалах «Казахское радио», «Шалкар»;
- г.Кокшетау, ул. Куйбышева 19, для размещения на телеканале «Kókshe»;
- г.Костанай, пр. Аль-Фараби 126, для размещения на телеканале «Qostanai»;
- г.Петропавловск ул. Брусиловского 1, для размещения на телеканале «Qyzyljar»;
- г.Павлодар, ул. Сураганова 21, для размещения на телеканале «Ertis»;
- г.Семей ул. Шугаева 157, для размещения на телеканале «Semei»;
- г.Усть–Каменогорск, ул. Стахановская 70, для размещения на телеканале «Altai»;
- г.Караганда ул. Войнов Интернационалистов 14, для размещения на телеканале «Saryarqa»;
- г.Тараз, ул. Сулейменова 6, для размещения на телеканале «Jambyl»;
- г.Шымкент, ул. Казыбек би д.20, для размещения на телеканале «Ońtústik»;
- г.Кызылорда ул. Желтоксан 11, для размещения на телеканале «Qyzylorda»;
- г.Актюбинск, ул. Т.Ахтанова 54, для размещения на телеканале «Aqtobe»;
- г.Уральск, ул. Н.Сдыкова 1А, для размещения на телеканале «Aqjaiyq»;
- г.Атырау, ул. Молдагалиева 29, для размещения на телеканале «Atyraý»;
- г.Актау, 24 микрорайон, для размещения на телеканале «Mańǵystaý».
Письменные заявления посредством факсимильной и Интернет связи не принимаются.
АО «РТРК «Казахстан»