«Adal» партиясының VII съезі өтті

19.11.2020

Медицина қызметкерлерінің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру керек. Ақ халаттыларға арнайы мәртебе беру туралы заң жобасы қабылдануы тиіс. Мектеп бағдарламасын жеңілдетіп, тиімсіз жоғары оқу орындарын жауып, студенттердің шәкіртақысын өсіру керек. Осындай мәселелер «Adal» саяси партиясының кезектен тыс VII съезінде көтерілді. Жиында сайлауалды бағдарлама жобасының 5 негізгі бағыты ұсынылды. 

Сондай-ақ съезде Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың тізімі бекітіледі. Ұсынылған тізім партияның жаңа мүшелерінің белсенділігі мен тәжірибесіне негізделген. Депутаттыққа ұсынылған тізімде 20 адам бар.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу