ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту туралы конференциясы келісімсіз аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОПЕК-тің мұнай өндірісін қысқарту туралы конференциясы келісімсіз аяқталды

07.12.2018

Ол Австрия астанасы Венада өткен-ді. «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының жиыны бес жылда алғаш рет нәтижесіз аяқталып отыр.

Бүгін делегаттар қайта бас қосады. Ал, Сауд Арабиясы өндірісті көбірек қысқартқысы келеді. Бірақ, Ресей мұнымен келіспей отыр. Сол үшін келіссөздерді жалғастыру қажет.

ОПЕК энергетикалық шикізат шығаруды аздап азайтуы мүмкін деген болжамнан кейін, әлемде мұнай бағасы 5 пайызға жуық арзандады. Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін таңертең оның WTI маркасы 51 доллар 24 центке, Brent cұрыбы 59 доллар 50 центке сатылған.  

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу