Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 байқауында 2-орын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 байқауында 2-орын алды

30.11.2020
Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 байқауында 2-орын алды

Junior Eurovision 2020 байқауында едіміздің намысын қорғаған Қарақат Башанова екінші орынды иеленді. Ол байқауда «Forever» әнін шырқады.

Ән додасында франциялық Валентина жеңімпаз атанды. Ал үшінші орын испаниялық Солеаға бұйырды.

Қазақстандық өнерпаз қазылар алқасы мен онлайн дауыс беру нәтижесінде 152 ұпай жинады.

Биыл байқауға Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия елдерінің өкілдері қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан Junior Eurovision ән байқауына алғаш рет 2018 жылы қатысты. Онда Данэлия Төлешова «Өзіңе сен» әнімен алтыншы орынға ие болды. 2019 жылы Ержан Максим «Арманыңнан қалма» әнімен екінші орынды еншіледі.

Қарақат Башанова Junior Eurovision

Хабарламаларға жазылу