Келесі жылы баспананы онлайн сатып алуға болады

26.11.2020

Үйді үйден шықпай аласыз. Елімізде келесі жылдан бастап баспананы онлайн сатып алуға болады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл жылжымайтын мүлік нарығындағы сауданы 

жылдам әрі ыңғайлы етеді дейді. Қазір мемлекеттік органдармен үйді онлайн кеңістікте сату процесі пысықталып жатыр. Жаңа бастама келесі жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылмақ. Министрлік өкілдері бұл банктердегі кезек пен қағазбастылықты азайтады дейді. 

Досжан Маратұлы


баспана онлайн сатып алу

Хабарламаларға жазылу