Елімізде дәрі-дәрмекті сатып алу жүйесі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәрі-дәрмекті сатып алу жүйесі өзгереді

18.07.2018

Саладағы жұмысты жеңілдету үшін жаңа электрондық веб-портал іске қосылды. «Бұл жүйе қағазбастылықтан арылтады. Сондай-ақ, қажетті дәрілерді сатып алуға мейілінше көмектеседі», - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері. Себебі, қазір кей препараттар жетіспей қалып жатса, керісінше басқа дәрілер артылып қалатын жағдайлар бар. Ал, бұл портал ондай олқылықтың алдын алуға көмектеседі. Ең бастысы, жүйенің жұмысы ашық болады. Енді кез келген адам қандай емханаға, қандай дәрі сатып алынғанын емін-еркін көре алады.

Берік Шәріп, «СҚ фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Дистрибьютор жылдың ортасында келесі жылға өзара кепілденген медициналық көмек аясында дәрі-дәрмек сатып алу рәсімдерін өткізеді. Соңғы жылдары жалпы сатып алу рәсімдерін «Facebook»-та және сайтта онлайн трансляция ретінде ашық түрде өткіздік.

 

Алтынай МҰСАЕВА

Хабарламаларға жазылу