Ішкі істер органдары бірыңғай онлайн қабылдау өткізіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер органдары бірыңғай онлайн қабылдау өткізіп жатыр

26.11.2020

Бүгін Ішкі істер министрінен бастап өңірлердегі департамент басшылары онлайн қабылдау өткізіп жатыр. Түске дейін 70-ке тарта сұрақ қойылып, оның біразына Ерлан Тұрғымбаевтың өзі жауап берді. Жұртшылық қылмыстық істердің тергелу барысындағы мәселелерге көптеп тоқталды. Сондай-ақ полицейлердің әрекетсіздгі мен тергеу істеріне көңілдері толмайтындарын жеткізді. Сауалдардың қатарында кадрлық түйткілдер де бар. Санитарлық талаптарды сақтау мақсатында тұрғындардың шағымдануы саябырсығаны рас. Оның үстіне «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай министрлік те барынша ашық болуы жолын ұстанып отыр. 

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:
Жазалайтын, мазалайтын полиция ретінде көрінетін болсақ, қазір қол ұшын беретін, демеуші, сервистік модельге, яғни септігі тиетін форматқа өту үстіндеміз. 

Батыс Қазақстанның 20-дан аса тұрғыны өңірдегі мал ұрлығы туралы айтты. Жалпы ZOOM платформасына өңірлер бойынша алдын ала 500-ге жуық адам жазылған. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу