Баку Кельбаджар ауданын бақылауға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баку Кельбаджар ауданын бақылауға алды

25.11.2020

Әзірбайжан Таулы Қарабақтағы Кельбаджар ауданын өз бақылауына алды. Үш жақты келісімге сәйкес, Арменияға аталған аумақтан армиясын шығаруға он күн берілген еді. Бүгін сол шарттың мерзімі аяқталып, Әзірбайжан өңірге өз әскерін кіргізді. Қазір Қарабақты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шуша қаласында жаңа тас жол құрылысы басталып, Нахчыванда қақтығыстардан қираған темір жол жөнделіп жатыр.   

Ильхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:  
-Бүгін Кельбаджар ауданы оккупациядан азат етілді. Әзірбайжан халқын шын жүректен осы қуанышпен құттықтаймын. Өкінішке орай, өңірдің табиғатына, тарихи ескерткіштеріне орасан зор нұқсан келді. Біз Ереванды бұл үшін жауапқа тартамыз.  

Жансая Қапасқызы 


Баку Кельбаджар Әзірбайжан Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу