Кельбаджар ауданы 25 қарашада қайтарылады

16.11.2020

Әзірбайжан Кельбаджар ауданын бақылауға алу процесін қарашаның 25-не қалдырды. Себебі одан армян күштері мен бейбіт тұрғындарын Армениямен байланыстыратын таудағы жалғыз жолмен шығаруға ауа-райының нашарлауы кедергі жасап отыр. Айта кетсек, бұл аудан кеше босатылуы керек еді. 

Сонымен қатар, Әзірбайжан билігі армяндардың үйлерін жаппай өртеп, ағаштарды кесіп кетуін «экологиялық террорға» теңеді.

Айта кетсек, Мәскеу, Баку, Ереван жасаған бейбіт келісімге сәйкес, Таулы Қарабақтың айналасындағы аудандар мен оның ішіндегі кейбір территориялар Әзірбайжанға қайтарылуы тиіс. Үшжақты бітімнің орындалуын Ресей контингені бақылайды.

Арыстан Рысбек

Таулы Қарабақ

Хабарламаларға жазылу