Елордада Ashyq мобильді қосымшасы 35 мекемеде жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Ashyq мобильді қосымшасы 35 мекемеде жұмыс істейді

16.03.2021

Елордада Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істейтін компьютерлік клубтар, фитнес орталықтары және SPA-салондардың тізімі жарияланды. Пилоттық жобаға 35 кәсіпкерлік нысан қатысып отыр. Әкімдік таратқан мәліметке сай, тізімге 10 фитнес-клубы, 6 СПА орталық, 1 бассейн, 3 боулинг және 15 компьютерлік клуб енген. Ashyq мобильді қосымшасы арқылы келушінің вирус тасымалдаушы немесе сырқаттан сау адам екенін анықтауға мүмкіндік бар. Айта кетейік, бұл жоба бизнес нысандарының жұмысына қойылатын шектеулерді алып тастаудың бір баламасы ретінде іске қосылды.


Хабарламаларға жазылу