Баянауылда ХҚКО қызметкерлері коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылда ХҚКО қызметкерлері коронавирус жұқтырған

25.11.2020

Павлодар облысы, Баянауыл ауданында халыққа қызмет көрсету орталығы карантинге жабылды. Себебі екі бірдей қызметкер вирус жұқтырған. Олармен қатынаста болған өзге мамандардан ПТР сынама алынып, күзетші мен еден жуушыларға дейін түгел үйлеріне оқшауландырылды. Мәліметке қарағанда мемлекеттік мекемеде короновирустың таралуы осыдан бір апта бұрын белгілі болған. Алдымен сырқат жұқтырған клиентке кеңес берген бөлім қызметкері ауырады. Одан әріптесі жұқтырған. 

Мейрамгүл Әбдірахманова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Павлодар облысы бойынша филиалының PR менеджері: 
Енді тұрғындар мемлекеттік қызметтерді электронды форматта, ОPEN әкімшілік ғимаратында және Майқайың кентінде орналасқан сектор арқылы ала алады. 30 қараша күні Халыққа қызмет көрсету орталығында дайын құжаттарды беру терезесі ашылатын болады. 

Бүгін Баянауылдағы Майқайың кенті мен Шарбақты ауданындағы Александровка ауылында карантиндік шаралар күшейтіліп, елді мекенді айналдыра блок-бекеттер қойылды.   

Шығыс Қазақстанда карантин шаралары 8 желтоқсанға дейін ұзартылды. Өйткені өңірде коронавирус індеті әлі өршіп тұр. Тек соңғы тәулікте облыс бойынша 160 науқас тіркелді. Ал облыс бойынша қауіпті вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 15 мыңнан асып кетті. 

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу