Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Балқаш қаласының тұрғыны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Балқаш қаласының тұрғыны ұсталды

13.03.2020
Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан Балқаш қаласының тұрғыны ұсталды

Балқаш қаласының 50 жастағы тұрғыны шаһардағы студенттік колледждің жатақханасына коронавирус жұқтырған науқастарды орналастырды деген жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратқаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

12 наурызда WhatsApp мессенджерін мониторингтен өткізу кезінде полиция қызметкерлері Балқаш қаласының медициналық колледжінің студенттерін жатақханадан мәжбүрлеп шығару және онда коронавирус жұқтырған үш жүз адамды қоныстандыруға дайындау туралы жалған ақпарат беру фактісін анықтады. 

«Оқиғаға қатысты ҚК-нің 274-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасады деген күдікпен Балқаш қаласының 50 жастағы тұрғынын анықтады», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының полиция департаменті аймақ тұрғындарын әлеуметтік желілерде пайда болған жалған хабарламалар мен ой-пікірлерге сенбеуге шақырады. Тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдардың ресми мәліметтеріне ғана негізделу керектігін мәлімдейді. 

Естеріңізге сала кетейік, осындай қылмыстарды жасағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабарламаларға жазылу