Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандар көбейді
Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өткен тәулікте ауру 69 адамда анықталды. Бұл қараша айындағы ең көп көрсеткіш. Қазір облыс «қызыл аймақтар» қатарында. Өткен аптамен салыстырғанда дертке шалдыққандар саны 1,5 есеге ұлғайды. Індеттің ілмегіне ілінгендердің 60 процентке жуығы Көкшетау қаласының тұрғындары. Сондықтан шаһарда алдағы күндері карантин талаптары күшейтілуі мүмкін. Егер вирусты жұқтырғандар көбейе берсе, қаланың айналасындағы санитарлық бекеттерден өту қатаңдатылмақ.
Айнагүл Мусина, облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:
Коронавирус инфекциясының таралу себебі - сақтық шараларын сақтамау. Эпидемиологиялық тексеріс кезінде көп жағдайда науқастардың қоғамдық көліктерде, адамдар көп жиналатын орындарда болғаны анықталды. Сондықтан санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Себебі облыстағы ахуал тұрақсыз.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері жоғары
20.03.2026, 20:38