Коронавирус жұқтырған 222 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

30.11.2020
Коронавирус жұқтырған 222 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

Өткен тәулікте 794 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 274 адам жазылып шықты. Індеттен 7 адам көз жұмды.

Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 131659-ға жеттi. Жазылып шыққандар саны - 116461 адам. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 164 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 905 бала бар. 222 науқастың жағдайы ауыр. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. 

Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 43 жағдай тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 42147 адам пневмонияға шалдыққан. 30535 адам індеттен жазылып шықты. 

Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны - 2034, пневмониядан көз жұмғандар саны (1 тамыздан бері) - 443.


коронавирус статистика ДСМ

Хабарламаларға жазылу