Дархан Мыңбай: Жүргізуші куәлігін алушыларға талап күшейтілуі тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Мыңбай: Жүргізуші куәлігін алушыларға талап күшейтілуі тиіс

24.11.2020

Жүргізші куәлігін алушыларға талап күшейтіліп, жол қозғалысы ережелерінің кейбір тармақтарын оңтайландыру қажет. Бұл жемқорлық пен көлік апаттарының алдын алуға ықпал етеді. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дархан Мыңбай Ішкі істер министріне осындай депутаттық сауал жолдады. Айтуынша, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды бірыңғай базаға біріктіріп, оларға сақтандыру полистерін беруді бақылауда ұстау қажет. Жүргізуші куәлігін аларда, әсіресе автобус жүргізушілерінің еңбек өтілі, жасы және денсаулығы ескерілу керек. Үміткерлерге арналған тест сұрақтары да ескірген, - дейді депутат.

Дархан Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
-Тестер қазіргі заманғы автомобильдердің бүгінгі техникалық сипаттамалары мен техникалық мүмкіндіктерін қамтуға тиіс. Жүргізуші куәлігінен айырылған адамдар қайта емтихан тапсырған кезде, оларға жалпы негізде емес, айрықша қатаң талап қою қажет.

Дарын Сағитов 


Дархан Мыңбай Жүргізуші куәлігі Ішкі істер министрі

Хабарламаларға жазылу