ЕЭО елдерінің аумағынан көлік тасып сатумен айналысатындар арнайы сертификат алуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕЭО елдерінің аумағынан көлік тасып сатумен айналысатындар арнайы сертификат алуы керек

08.07.2015
ЕЭО елдерінің аумағынан көлік тасып сатумен айналысатындар арнайы сертификат алуы керек

Оған сәйкес Еуразиялық экономикалық одағы елдерінен көлік тасып сатумен айналысатындар арнайы сертификат алуы керек.

Жеке басына көлік сатып алушыларға бұндай талап міндеттелмейді. Тек бірнеше көлікті алып келіп, сатып бизнеспен айналысып жүргендерге арналады.

Лицензиялаудың мақсаты - авторынокты шектеу емес, автомобиль құралдарын жауапсыз жеткізушілерден тұтынушыларды сақтау үшін дейді, тиісті орган.

Ал, көлік саудасымен айналысатындар бизнесін әрі қарай жалғастыру үшін тиісті лицензияны Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен алады.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу