Депутаттар Мемлекеттік қызмет туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар Мемлекеттік қызмет туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

11.03.2020

Міне, мемлекеттік қызметтің су жаңа «бас инспекторы» - Анар Жайылғанова. Агенттікті басқарғанына небары тоғыз ай болды. Осы аралықта мемлекеттік қызметтің сапасын өзінше зерттеп келгенге ұқсайды. Депутаттар алдына әкелген заң жобасына біраз жаңалық енгізісі келеді. Әңгімені жанындағы емес, ауылдағы шенеуніктердің жайынан бастады.

Пакетке салып беретін «сарқытты» да агенттік төрағасының аяғысы жоқ. Оның пайымдауынша, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына жастар қызықпайды. Ауылға баратындар қайтарымсыз қаржы, баспана дегенде ғана ойланады. Анар Жайылғанованың қоржынындағы өзгерістер қаладағы шенеуніктерді де айналып өтпейді. Мәселен, «А» санатындағы шенділер, яғни әкімдердің орынбасарлары мен вице-министрлерге қойылатын талап күшейтілуі тиіс. Ол мұндай қызметтегі лауазым иесі тек мамандығы болғанда ғана сол саланы басқаруы керек деп санайды.

Жаңа басшының жаңа тәртібіне қатысты депутаттар тарапынан наразылық болған жоқ. Сондықтан заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу