СҚО-да ауыл мектебінің оқушылары коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да ауыл мектебінің оқушылары коронавирус жұқтырған

24.11.2020

Солтүстік Қазақстандағы Уәлиханов ауданындағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көші. Себеп мектептің 7 оқушысы мен шағын орталықтың бір тәрбиеленушісі коронавирус жұқтырған.

Сағындық Сәбитұлы, тілші:
Бұл Уәлиханов ауданындағы Ақбұлақ ауылындағы мектепте болған жағдай. Қазіргі күні оқушылар да, мұғалімдер де үйде жұмыс істеуде. Ауру жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандардан ПТР тест алынған, бірақ әзірге ешкімнен ауру белгілері байқалмайды дейді мамандар. Бұл білім ошағында 90 оқушы бар. Аудандық білім бөлімі мамандарының айтуынша, қажет деген оқушыларға 40 шақты компьютер берілген. Қазір олар үйде білім алуда. Тағы бір апта бойы жағдай бақылауда болады, егер эпидемиологиялық жағдай ушықса, мектеп карантинге жабылуы мүмкін. 

Хабарламаларға жазылу