СҚО-да мектеп оқушылары онлайн оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да мектеп оқушылары онлайн оқиды

09.01.2023

Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты барлық мектептердің оқушылары онлайн оқиды. Синоптиктердің болжамынша, ертең де аяз болмақ.

Кеше қатты боранға байланысты республикалық маңызы бар жолдар бірнеше сағатқа жабылған болатын. Бүгін Көкшетау және Атбасар бағытындағы трассада жеңіл көліктердің жүруіне шектеу қойылды.

Өңірде қыс басталғаннан бері 40 рет дауылды ескерту жарияланды. Құтқарушылар тұрғынарға жолға шықпауға кеңес береді.


Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу