Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады – дәрігер жауабы

20.11.2020

Қант диабеті диагнозы қойылған және семіздік ауруына шалдыққан адамдар COVID-19-ды жұқтыруға бейім келеді. Мамандар осылай деп отыр. Бұл ретте дәрігерлер осы санаттағы тұрғындардың тазалықты мейлінше сақтап, қауіпсіздік шараларын ұмытпауы керектігін ескертті.

Айтолқын Шәріпбек, дәрігер:
Метаболизм төмендейді. Бактерияға сезімталдылығы жоғарылап, иммундық қарсыластығы төмендейді. Соның салдарынан жүрек-қан тамыр жүйесіндегі асқынуға алып келуі мүмкін. Арақашықтықты сақтау, бетперде тағу керек. Үйде отыру, адам көр шоғырланған жерге бармау керек.

Мадина Жолдас

Хабарламаларға жазылу