«АзияКредит Банктің» салымшылары өз ақшаларын ала алмай жүр

20.11.2020

Тағы бір банктің салымшылары өз ақшаларын ала алмай жүр. Бұл жолы «АзияКредит Банктің» клиенттері былтырдан бері депозитке салған жинағын даулап, сабылып жүр. Ал қаржы ұйымының өкілдері белгілі бір себептерге байланысты уақыттың созылып жатқанын айтады. 

Алина Иманғалиева, банк салымшысы:
Жолдасым екеуміз бес жыл бойы жиған-терген ақшамызды «АзияКредит Банкке» салған едік. Енді бір жылдан асты сол банктен ақшамызды ала алмай жүрміз. Арыз жаздық, сотқа да жүгіндік. 

Өз шағымын арнамызға жолдаған көпбалалы ана «АзияКредит Банкке» үйдің алғашқы жарнасына деп 3,5 миллион теңгесін салған. 

Алина сияқты зардап шегушілер Алматы, Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларында мыңнан асады. Банк депозитте азын-аулақ қаражаты барларға ғана ақшасын қайтарып жатқан көрінеді. 

Банк өкілдері бұл мәселеге қатысты жазбаша ғана жауап берді. Клиенттер сәл шыдамдылық танытса, осы айдың аяғына дейін салымшылармен есеп айырысамыз деп отыр.

Жыл басында қабылданған шешім бойынша «АзияКредит Банкі» басқа екінші деңгейлі банкпен бірікті. Осыған байланысты қаржылық операцияларда кідіріс болып жатқанын жасырмаймыз. Банктің барлық салымшысы келісім шартта көрсетілгендей жинағын толық алады. 

Қуан Нұрақын, тілші:
Алайда банктің бір сарында беретін мұндай жауабына салымшылар сенбейді. Себебі жыл басынан бері құрғақ уәде жазылған хатта есеп жоқ. «Ай соңына дейін мәселе шешілмесе, Президентке хат жазып, араша сұраудан басқа амалымыз қалмады», - дейді «АзияКредит Банктің» клиенттері.

Қуан Нұрақын

АзияКредит Банкт

Хабарламаларға жазылу