«Ақ жол» партиясы: Ауруханалар қаржылық қиындыққа тап болды

18.11.2020

Ауруханалар қаржылық қиындыққа тап болып, қызметкерлеріне жалақы төлей алмай жатыр. «Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметке осылай деп хат жолдап, мәселені шешуге көмектесуді сұрады. Мәжілісмендердің айтуынша емдеу мекемелерінің көбі коронавирустың бірінші толқыны кезінде қаржылай қиындыққа тап болған. Бір науқасты емдеу үшін күніне 108 мың теңгедей шығындалған.

Ал міндетті медициналық сақтандыру қорынан бір орын үшін тек 12 мың теңге түскені жазылған. Қазір бұл сома 32 мың теңгеге жеткізілді. Бірақ мұның өзі аз дейді депутаттар. Шығынға батқан ауруханалар қазан айы үшін қызметкерлеріне жалақы төлей алмай жатыр. Енді екінші толқынды еңсеру үшін оларға қол үшін созу маңызды дейді. 

  Досжан Маратұлы 


Ақ жол партия Ауруха Үкімет

Хабарламаларға жазылу